
Метро бағыты жаңа қалаға қарай ұзаруы мүмкін
Алматыдан облыстағы жаңа қала Алатауға дейін метро тарту жоспарда бар, деп хабарлайды LS. Мемлекеттік сатып алулар сайтында үшінші метрополитен желісін салуға қатысты техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу бойынша екі конкурс туралы хабарландыру жарияланды. Жоспар бойынша метро желісі Алатау қаласынан «Мизам» базарына дейін (Солтүстік айналма жолы), әрі қарай «Сайран» станциясына дейін салынады. Бірінші учаскенің ТЭН-ын әзірлеу құны…