Алматыда заңсыз нысандарды бұзу жұмыстары күшейді
Алматы әкімдігі бірнеше құрылыс компаниясына қатысты сот процестерін жүргізіп жатыр. LS тілшісі бұл мәселеге қатысты қалалық қала құрылысын бақылау басқармасынан мән-жайды білді. 2025 жылдың қаңтар айынан бері басқарма сот органдарына 88 талап арыз түсірген. Бұл арыздар заң талаптары мен құрылыс нормаларының бұзылуына қатысты. Олардың 41-і бойынша сот талапты қанағаттандырды, ал 47 іс әлі де сотта…
