
Алматыда төрт ірі жоба іске қосылады
Алматыда 200 млрд теңгеден астам сомаға төрт ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы индустриялық аймақ бас директорының орынбасары Арнұр Тұяқов бөлісті, деп хабарлайды LS. Оның айтуынша, жаңа нысандар қаланың индустриялық аймағының аумағында іске қосылып, 137 га жерге орналастырылады. Төрт ірі жобаның ашылуына инвесторлар 200 млрд теңгеден астам қаржы салады. 6 мың адам жұмысқа орналасады…