Ресей Шығыс Қазақстандағы ЖЭО құрылысына қатысуы мүмкін
Ресей Өскемен мен Семей қалаларында салынып жатқан жылу электр станцияларының (ЖЭО) жобаларын қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін әлі де сақтап отыр. Бұл туралы «Самрук-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов LS-ке берген сұхбатында мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр және қаржыландырудың бірнеше нұсқасы, соның ішінде компанияның өз қаражаты мен мемлекетаралық келісім бойынша ұсынылған ресейлік қаржы, қарастырылуда….
