Өндіріс ауылы өркениетке қадам басқан

Астрахан ауданына қарасты Новочеркасск ауылдық округінің аумағындағы Өндіріс ауылында 100-ге тарта түтін бар. Мұнда әлеуметтік нысандар тоқтаусыз жұмыс істейді. Жергілікті балғындар орта мектепте білім алуда.

Тәуелсіз 30 жыл ішінде Өндіріс ауылының өсіп-өркендеп, жергілікті тұрғындардың тұрмыстық жағдайының жақсарғандығы бірден байқалады.  Елдімекеннің кіре берісінен бастап шеткі көшелеріне дейін асфальт төселіп, жарықтандырылған.

Өндіріс орта мектебінде 66 бала білім алуда. Оқушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындардан көрінді.

Тарихы тереңде жатқан Өндіріс ауылының кешегісі мен бүгінгі келбетін жергілікті мектептің мұражайындағы жәдігерлерден көріп білуге болады.

Өркениетке қадам басқан Өндіріс ауылының тұрғындары әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жолында еңбек етуде.

Яндекс.Метрика