Маңғыстаулық тұрғындар ток пайдалану үшін кезек күтуге мәжбүр 16 августа 2023, 06:29

Маңғыстау облысында жалғыз энергокомбинат өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуді 50 пайызға қысқартты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


Маңғыстаулық тұрғындар ток пайдалану үшін кезек күтуге мәжбүр
16 августа 2023, 06:29

Фото: Massaget.kz / Сая Мәжитқызы

Маңғыстау облысында жалғыз энергокомбинат өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуді 50 пайызға қысқартты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Кәсіпорында энергоблоктардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 11 тамызда тағы бір энергоблок істен шығып, апат жағдайында өшірілді. Салдарынан Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдар, 4 бірдей ауданның елді-мекендері жарықсыз қалды. Ал Маңғыстау ауданының тұрғындары кейінгі 3 күнде 7 сағат бойы электр қуаты болмағанына шағымданды. Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында жарық 10 сағатқа өшкен.

Бұған дейін 545 мегаватт ток өндіріп келген МАЭК қазір небәрі 245 мегават электр энергия беріп тұр. Апаттың салдарын жою үшін арнайы құрылған штаб өкілдері жарықты үнемдеуден басқа амал жоғын айтады.

Сондықтан облыста бүгіннен бастап жарықты «тиімді» өшіру процесі іске қосылды. Барлық елдімекен мен қалаларда электр энергиясы кестемен өшіріліп жатыр. Мамандар бұл МАЭК өндірісіне салмақты азайтып, жаппай жарықсыз қалудан сақтайтынын жеткізді.

«Осындай қадамға баруға мәжбүрміз. Шектеуді біз барлық елдімекенге қарастырып жатырмыз. Тұрғындарға 1 күн бұрын ескертіледі. Шалғай ауылдар да кестеге енгізіледі. Жарық 3 сағаттан 5 сағатқа дейін өшіріледі деп отырмыз. Мен аймақ тұрғындарынан электр энергияны үнемді пайдалану үшін түсіністікпен қарауды сұрар едім. Біздің жоспарымыз бойынша МАЭК аптаның соңында 3-блокты іске қосуды жоспарлап отыр. Егер толықтай режимге шықса, барлық шектеу жойылады», — дейді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев.

Қазір облыс аумағындағы мұнай компаниялардың барлығына да электр энергия шектеумен тек түнгі мезгілде беріліп жатыр. Аймақ билігі стратегиялық нысанның жағдайы мүшкіл екенін мойындады. Қосымша генерациялаудың мүмкіндіктері жоқ. 3 жылу электр орталығының екеуі апат жағдайында тұр. Жұмабай Қарағаевтың айтуынша, энергоблоктарды жөндеу жұмыстары басталған. Мамандар күні-түні жұмыс істеп, оларды қысқа мерзімде іске қосуға күш салып жатыр.

Фото: Massaget.kz / Сая Мәжитқызы

Энергокомбинат өкілдерінің айтуынша, кәсіпорындағы энергия блоктарын күрделі жөндеу жұмыстары әр 4 жыл сайын жүргізіледі. Келесі күрделі жөндеу 2024 жылға жоспарланған болатын.

«Авария болған энергонысанды жөндеу жұмыстары өз қаражатымыз есебінен жүргізіліп жатыр. Мамандар мен қажет материалдар жеткілікті. Жалпы үшінші энергоблок әр 4 жыл сайын күрделі жөндеуден өтіп тұрады. Яғни, кестеге сәйкес 2024 жылы жасалады. Бұған дейінгі жөндеуге 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалды. Қазір нарық бағасы өзгерді. Соған орай сметалық есептеулер жалғасып жатыр», — дейді энергокомбинат бас директорының бірінші орынбасары Мұрат Иғалиев.

Мамандардың айтуынша, электр энергияны шектеу шарасы осы аптаның соңына дейін жалғасады. Бұған қоса, Ақтауда барлық шағынауданда ауызсудың қысымы төмендейді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Яндекс.Метрика