Мәлімдеме

Қазақстан аумағында Орыс ұлтының 3,5 млн адамы тұрады.

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі П.Ю. Врублевскийдің 2022 жылғы 22 тамыздағы сұхбатынан кейін Қазақстан Конституциясының 39-бабының 2-тармағында әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни өшпенділікті немесе араздықты қоздыратын насихатқа немесе үгітке жол берілмейтінін еске салғым келеді.

Біз халықаралық аренадағы турбуленттіліктің өз үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді шайқауына жол бермеуіміз керек.

Қазақстан Халық партиясы Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі П.Ю. Врублевскийдің сөзіне қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тарапынан шұғыл заңды реакция болуы тиіс деп санайды және талап етеді.

Біз украин халқына, оның тарихына, тіліне, мәдениетіне құрметпен қараймыз. Біздің елдің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Украинадағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның қағидатты ұстанымын бірнеше рет мәлімдеді, біз мұны халықтарымыздың арасындағы достықты толық көлемде көрсетеді деп санаймыз.

Яндекс.Метрика