«Мүгедек болып қалады». Баланы кішкентай кезінен спортқа беру неге қауіпті? 17 августа 2023, 10:35

Спорт саласындағы мамандар баланы ерте жастан спортқа беруге қарсы шығып, дабыл қағып жатыр. Ол үшін арнайы заң жобасы бойынша жұмыс тобы да

  • АВТОР
  • Сымбат Сатыбалдина Журналист
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


"Мүгедек болып қалады". Баланы кішкентай кезінен спортқа беру неге қауіпті?
17 августа 2023, 10:35

Фото: pixabay.com

Спорт саласындағы мамандар баланы ерте жастан спортқа беруге қарсы шығып, дабыл қағып жатыр. Ол үшін арнайы заң жобасы бойынша жұмыс тобы да құрылған. Баланы кішкентай кезінен бастап спортқа беру не үшін қауіпті болуы мүмкін? Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне КСРО кубогінің қола жүлдегері, бірқатар бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Мәнкенов түсіндіріп берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Болат Мәнкеновтің сөзінше, кәсіби спорт туралы заңға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалып жатыр.

«Жалпы спорт туралы заң бар, бірақ кәсіби спорт туралы заң жоқ. Ұсыныстың негізгі мақсаты — 12 жасқа дейінгі балаларды қолданбалы (прикладной-еск.) спорт түрлеріне өтетін жарыстарға қатысуға, ондай жарыстарды ұйымдастыруға тыйым салу. Қазір жекеменшік спорт клубтары көп ашылып жатыр. Әрине, ол өте жақсы, біз оны қолдаймыз. Бірақ ол ерте жастан спортқа баратын балаларға қауіпті болуы мүмкін», — дейді Болат Мәнкенов.

Оның сөзінше, Кеңес одағы кезінде күрес, бокс, таэквондо секілді қолданбалы спорт түрлеріне 12 жасқа дейінгі балаларды заң бойынша алмайтын.

«Неге? Біріншіден, ол психологияға байланысты. Психологияның өзі үш тармақтан тұрады: балалар психологиясы, жас психологиясы және жалпы психология. Мұның бәрін ата-бабаларымыз бұрыннан білген. Себебі белі қатпаған баланы сайысқа салмаған. Ал қазір 5-6 жастан баланы спортқа беріп жатады. Әрине, үйірмеге баруға болады. Бірақ оны қадағалайтын заң керек. Кейбір ата-аналар «менің баламның жүргеніне алты ай, бір жыл болды, неге жарыс ұйымдастырмайсыздар?» деп жатады. Ол ата-ананың емес, баланың өмірі ғой. 12 жасқа дейінгі балада өзін-өзі сақтау сезімі болмайды», — дейді маман.

Болат Мәнкенов. Фото: profiboxing.kz

Ал 12 жастан асқан бала әр әрекетін саналы түрде ойланып жасайды.

«Кеңес одағы кезінде әр спорт саласында ғылыми топтар болған. Мен өзім де спортта жүрдім. Бізді спортқа 14 жасымызда алды. Ол кезде 12 жасқа дейінгі балаларды спортқа алмайтын. Енді біз оны тек заң тұрғысында ғана реттеп бекіте аламыз», — дейді Болат Мәнкенов.

Денесі қатпаған бала спортқа ерте жіберудің салдары қандай?

Біріншіден, бала соққы алса қорқудың орнына спортқа деген жек көру, жиіркеніш сезімі пайда болады.

«Екіншіден, баланың басында агрессия қалып қоюы мүмкін. Ең қорқыныштысы — маниакалды агрессия. Маньяктарға қатысты зерттеулерде олардың қалай агрессив болатыны анықталған. Зерттеу бойынша, маньяктар көбіне бала күнінде соққы алған, жарақат алған адамдар болып шықты. Егер осылай жалғаса берсе, 10 жылдан кейін келесі ұрпақта қаншама мүгедек болады. Оны тек заң қадағалап, алдын ала алады. Бұл ұсынысты спорт комитетіне тапсырып, тіркегенбіз», — дейді Болат Мәнкенов.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Яндекс.Метрика