Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күресте қандай шара қабылдайды? Қазақстан Халық партиясы осы сұрақтың жауабын анықтауға ниет білдірді.
Мәжіліске ҚХП атынан сайланған депутат Айжан Сқакова атап өткендей, біздің ел жақында Глазгода өткен СОР26 жаһандық саммитіне қатысып, бірқатар келісімдерге, соның ішінде қорытынды құжатқа қол қойды.
– Қорытынды құжат тараптарды технология әзірлеуді, енгізуді және таратуды жеделдетуге және төмен көміртекті стратегияларға көшу бойынша шара қабылдауға шақырады, – деп нақтылады депутат. – Мұны электр энергиясының таза өндірісін енгізу аясын кеңейту және энергетикалық тиімділікті арттыру, көмір энергетикасын біртіндеп қысқарту жөніндегі күш-жігерді жандандыру сондай-ақ энергетикалық субсидия есебінен жасау жоспарланып отыр.
Қазақстан үшін барлық проблема көмірге келіп тіреледі. Себебі ол парниктік газ шығарындысының негізгі көзі болып табылады. Атап көрсетерлігі саммитке қатысушы елдер озон қабатын бұзатын метан шығарындысын азайту келісіміне де қол қойды. Бұл Қарағанды облысындағы шахтада болған төтенше жағдай кейін біз үшін өте маңызды.
Көмір газға (Қазақстандағы энергетиканың 70 пайыздан астамы!) алмастырылуға тиіс. Бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. Алматыдағы ЖЭО-2-де толығымен газ отынын пайдаланатын жаңа бу-газ қондырғысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар біздің ел орман отауды тоқтатуға бағытталған құжатқа қол қойды.
– Қазақстандық сарапшылар климаттың өзгеруіне байланысты пайда болып жатқан су тапшылығы мен құрғақшылық мәселесіне назар аударды, – деді депутаты. – Іле Алатауы мұздықтары көлемінің қысқаруы мен аумақтың шөлейттенуі егін шаруашылығының тәуекелін арттырып жатыр.
Бұл жеке қосалқы шаруашылықтарды шығынға ұшаратып, ел экономикасына теріс әсер етеді.
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша CCPI (Climate Change Performance Index) рейтингіне сәйкес Қазақстан соңғы 64 — орында тұр. ҚХП депутаттары Үкіметтен республиканың рейтингі неге төмендегенін және жағдайды қалай түзетуге болатынын анықтауды талап етті. Сонымен қатар біздің елде ұлттық климаттық саясаттың қандай құжаттары қабылданады, осыған байланысты қолданыстағы қандай стратегиялар мен жобалар түзетіледі және үкімет саммитте қол қойылған келісімдерді орындау үшін қандай шаралар қолданады, Қазақстанның СОР26 жаһандық саммитіне қатысу қорытындысы бойынша жұртшылықпен ашық талқылау ұйымдастырыла ма? деген сұрақтарға жауап беруді сұрады.
ҚХП баспасөз қызметі