«Қала қайғысы» онлайн-эфирінің алтыншы шығарылымы Кіші Талдыкөл көлінің проблемасына арналды.
Бірнеше жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласына жақын орналасқан Кіші Талдыкөл көлдер тобының айналасында жанжал өрбиді.
Жеке құрылыс салушылар қала әкімдігінің рұқсатымен көлді толтырып, суын ағызып, аумағына көп қабатты тұрғын үй кешендерін тұрғыза бастады.
Қала тұрғындары мен экобелсенділер қала билігінен су қоймасын биоалуантүрлілігімен бірге сақтауды және оның орнына табиғи саябақ құруды талап етеді.
Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері Руслан Оразалиевтің айтуынша, 2012 жылы ұйым қалалық әкімдікке сулы-батпақты алқаптар базасында қалалық саябақ құру тұжырымдамасын ұсынып, Кіші Талдыкөл көлінің экожүйесін сақтап қалды. Содан кейін қала әкімшілігі идеяны қолдады және экологтармен жұмыс жасады, бірақ 2020 жылы кенеттен жеті көлдің біреуін толтыру басталды.
«Көл жоқ. Көлдің ортасында 12 қабатты ғимарат салынды. Көлдің орнында балалар орталығы салынуда, сонымен қатар мектеп, әлеуметтік нысандар болады. Көлді құрылыс қоқысымен толтырды. Менің ойымша, бұл қауіпсіз емес, ол ҚНжЕ мен құрылыс ережелеріне сәйкес келмейді. Мен бұл мәселені әкімдікте көтерген кезде, маған: «сол жағалаудың барлығы қоқыс үстіне салынған», — деп жауап берді Оразалиев.
Құқық қорғаушы Шыңғыс Темір қазіргі уақытта белсенділерде Кіші Талдыкөлді сақтау пайдасына Соттың үш шешімі бар екенін айтты. Бірақ олар, өкінішке қарай, орындалмайды.
Экология министрлігінің өкілі Серікжан Бекетаев өз кезегінде оның ведомствосы әкімдіктен заң бойынша көл бойында су қорғау аймағы мен жолақтарын орнатуды бірнеше рет сұрағанын айтты. Бұл жұмыстар әкімдік тарапынан басталды, бірақ қала әкімінің су қорғау белдеуін белгілеу туралы қаулысы шыққан жоқ.
«Су қорғау белдеуі белгіленген жағдайда, осы аумақтағы барлық шаруашылық әрекеттер Экология министрлігімен келісілуі тиіс. Бірақ қаулы жоқ болғандықтан, біз әкімдіктің әрекетін тексере алмаймыз», — деп атап өтті спикер.
«Астанабасжоспар» ЖШС қызметкері Аманжол Чиканаевтың айтуынша, қаланың бас жоспарының жобасында оңтүстік-батыс желдерінен қорғайтын орман-саябақ аймағын қалдыру қарастырылған.
«Біз 2000-шы жылдардың басында осы аумақта экологиялық қалалық саябақ құруды қарастыратын бас жоспар әзірледік. Оның оңтүстік бөлігінде әр континенттің жануарлар әлемін көрсету үшін күмбездері бар хайуанаттар бағын құру. Ал солтүстік бөлігін саванна тәрізді ашық жерге қалдырдық, қарақұйрықтар, киіктер, құландар және Қазақстан даласының басқа да жануарлары жайылуы үшін. Мұндай жоба болды, біздің сәулетші өте жақсы макет жасады. Содан кейін бұл идея, мүмкін, қаражат болмағандықтан іске аспады. Біз бұл аумақты болашақта экологиялық саябақ аймағына айналатын жасыл аймақ ретінде ұстадық», — деді сәулетші.
Экологтардың айтуынша, Кіші Талдыкөл аймағында жәндіктердің 300-ден астам түрі, балықтың екі түрі, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың үш түрі, сүтқоректілердің 10 түрі және құстардың 172 түрі мекендейді. Көлдің флорасы мен фаунасын зерттеу керек. Сонымен бірге мамандар осы аумақтағы жер асты және жер үсті суларының салынып жатқан нысандардың сапасына әсерін түбегейлі зерттеуді талап етеді.
Сарапшылардың айтуынша, жер асты суларымен қоректенетін көп қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы адамдардың өміріне қауіп төндіреді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Кіші Талдыкөл көлінің қалған тобын әлі де сақтап қалуға болатындығы туралы ортақ пікірге келді.
Эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=_yYvqKh1FGA