Қазақстанға азық-түлік инфляциясын төмендеткені туралы сөз қозғап, мақтануға ерте деп санайды Қазақстан Халық партиясы. Себебі Үкіметтің барлық күш-жігеріне қарамастан, азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды.
ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров атап өткендей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағасының арзандауы оң нәтиже деп қабылдауға болады. Алайда инфляциялық проблеманы шамадан тыс саясиландыру оның шешілуіне кедергі келтіреді.
Өткен жылы азық-түлік бағасының жалпы өсу деңгейі 9,9% — ға жетті. Нан, жарма және ет өнімдері қымбаттады.
– Қарапайым адамдар үшін маңызды азық-түліктің бағасы 2 таңбалы санмен есептеледі. Сондықтан бағаның өсуін тежеуді тек тактикалық тұрғыдағы жеңіс деп санауға болады, – деді депутат.
2022 жылдың басынан бері азық-түлік бағасы 0,2% — ға өсті. Алдағы уақытта тауар бағасының өсуіне қызмет көрсету құнының қымбаттауы қосылады.
Бағаны жасанды түрде ұстап тұру «инфляциялық серіппенің» әлеуетін арттырады. Баға мәселесімен біз ғана бетпе-бет келмейміз. Жаһандық инфляция және оған мемлекеттердің бейімделуі 2022 жылдың басты экономикалық сын-тегеуріні болады.
– Мұның барлығы Қазақстан үшін маңызды, өйткені біз тұтыну тауарларының, жабдықтардың, жиынтықтауыштардың және құрауыштардың басым көпшілігі бойынша импортқа тәуелдіміз.
Отандық нарық өз өндірісінің базалық өнімдерімен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, бағаның өсуінен қорғамайды. Баға белгілеудің ашық еместігі, көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі және монополизация нарықты өз арнасына бұрмалайды, – деді Айқын Қоңыров.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы жаңа үкіметті инфляцияға қарсы жұмыс тәсілін қайта қарауға шақырды. Бізге терең, ғылыми негізделген, үйлесімді және сараптамалық жұмыс қажет екенін жариялады.
– Қазақстанда қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге бағдарланған инфляцияға қарсы ұлттық стратегия болуы тиіс. Қазақстандағы инфляция монетарлық емес, біз оны импорттаймыз. Инфляциямен ақша-кредит саясатын қатаңдату әдісін қолдану арқылы күресуге болмайды. Біздің ортақ міндетіміз – тепе-теңдік тауып, халықтың табысының нақты өсімін қамтамасыз ету, жалақы мен әлеуметтік төлемнің өсімі тұтыну бағасының өсімінен қалып қоюына жол бермеу. Бұл үшін халықтың түрлі тобына қатысты инфляцияны есептеу керек. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті анықтау және олардың динамикасын есептеу әдістемесі ескірген. Сондықтан инфляциямен күресу үшін бірінші кезекте оны объективті есептеуді үйрену керек деп санаймыз, – деді ҚХП фракциясының жетекшісі.
ҚХП баспасөз қызметі