Жуалыда екі дәрігерлік амбулатория іске қосылды

Жуалыда екі дәрігерлік амбулатория іске қосылды

769 rob

Жуалы ауданының екі бірдей денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Бәйтерек және Күреңбел ауылдарында құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген дәрігерлік амбулаториялардың сыйымдылығы 25 орынды құрайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында аталған ауылдардағы медициналық нысандар салтанатты жағдайда тұрғындардың қолданысына берілді.

Қуанышты шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты шара барысында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Ахметбеков, аудан әкімі Жалғас Мұртаза сөз сөйледі.

Айта кетейік, дәрігерлік амбулаторияда ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Өз кезегінде елді мекен тұрғындары жаңа нысанды қолданысқа берген жауаптыларға ризашылықтарын жеткізді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика