Фото: Polisia.kz
Мейрамхананың сыртқы бақылау камераларынан төбелестің басталғаны жазылған бейне тәркіленді.
Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері «Ұлытау» мейрамханасының жанында 9 төбелеске қатысушыны анықтады, олардың арасында әйел адамдар да бар. Осы оқиғаға қатысушылардың екеуіне ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабымен «Билік өкілдеріне бағынбау», төртеуіне ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен “Ұсақ бұзақылық” бойынша хаттамалар толтырылды.
Полиция қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді телефонға түсіріп, таратқан әйел мен такси жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 73-3-бабымен «Жала жабу» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Барлық материалдар заңды шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының әкімшілік сотына жолданды.
Источник: qazaq.asia