Жаңа жыл қарсаңында Шахтинск қаласында 60 отбасы пәтер кілтін алды

Жаңа жыл қарсаңында Шахтинск қаласында 60 отбасы пәтер кілтін алды

534 rob

Жаңа жыл қарсаңында кезекте тұрған 60 отбасы Шахтинск қаласындағы пәтерлердің кілттерін алды. Жаңа қоныстанушылар арасында жетім балалар, көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтары бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа 60 пәтерлі бес қабатты үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Жаңа ғимаратта жеті үш бөлмелі пәтерді көп балалы отбасылар алды. 

Надежда Никульча сегіз жыл бойы тұрғын үйге кезекте тұрған. Көп балалы әйел осыған дейін жалдамалы пәтерлерді мекендеп келген.

– Қазіргі уақытта тұрғын үйді жалға алу оңай емес. Бұл отбасылық бюджетке зор шығын келтіреді, сонымен қатар ол пәтерге қалағаныңды сатып ала алмайсың. Барлық иелер жиһазды ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Баспана алғанымызға өте қуаныштымын. Бізге үш бөлмелі пәтер берілді. Қазір жиһаздар мен үй заттарын сатып алуды жоспарлап отырмыз, – дейді Надежда Никульча.

Жетім балаларға 16 пәтер берілді. Қалғандары әлеуметтік осал отбасылар арасында бөлінді.

Светлана Щербакова 2011 жылдан бері кезекте тұрған. Оның мүгедектігі бар. Әйелге бір бөлмелі пәтер берілді.

– Сәттілік, бейбіт аспан, жақсылық, шаңырақтарыңызға жайлылық тілеймін! Көптен күткен пәтер, мен керемет бақыттымын. Бұл менің өмірімдегі ең жақсы жаңа жылдық сыйлық! – деп бөлісті Светлана.

Кілттерді қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков тапсырды.

– Осы үйдің енгізілуімен біз 60 тұрғынды жаңа пәтерлермен қамтамасыз еттік. Құрметті қоныстанушылар, баршаңызды құттықтаймын! Сіздерге бақыт, денсаулық және амандық тілеймін! – деді Мұрат Қыдырғанбеков.

Бүгінгі таңда Шахтинск қаласында тұрғын үй кезегінде 1499 адам тұр.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика