Домой Новости Казахстана Халық санағы 30 қазанға дейін жалғасады

Халық санағы 30 қазанға дейін жалғасады

613
0

Халық санағы дәстүрлі форматта өтеді. Яғни мамандар үй-үйді аралап сауалнама жүргізеді. Бұл осыған дейін онлайн санақтан өте алмағандарға қатысты. Оффлайн форматтағы санақ 30 қазанға дейін жалғасады. Бұл жұмысқа мыңнан  астам қызметкер жұмылдырылған.

«Халық санағы» логотипі бар көк орауыш , көк сөмке, қолында қара планшет — сауалнама жүргізушіні осы белгілер арқылы тануға болады. Сонымен қатар әрқайсысында тіркеу нөмері бар арнайы куәлік болуы тиіс.Олардың барлығы ковидке қарсы вакцина алған. Әрқайсысы арнайы планшеттермен қамтылған.Бір интервьюер күніне шамамен 30-40 тұрғынға сұрақ қояды. Көптеген адамдар онлайн режимінде сауалнамадан өткен.

Жалпы, биылғы санақ кезінде ел тұрғындары 90-нан астам сауалға жауап берулері тиіс екен.

Алынған барлық ақпарат Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Қызметкер адамдардың  жеке  мәліметтері  жария етілмейді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму