272 Арман
«Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап Басқарма мүшесі — Басқарма төрағасының орынбасары Иван Белохвостиковтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Директорлар кеңесі Белохвостиков мырзаға банктің бөлшек бизнесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, алдағы өрлеу жолына табыс тіледі.
Банк Басқармасының құрамы 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 5 адамнан тұрады.
Источник: qazaq.asia