Домой Новости Казахстана События Зерендіде ауыл имамдарының біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өткізілді

Зерендіде ауыл имамдарының біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өткізілді

570
0

Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі аспектілері» тақырыбында Ақмола облысы Зеренді ауданында ауыл имамдарының біліктілігін арттыруға арналған екі күндік оқыту семинары өткізілді.

Семинар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырып, халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға Зеренді ауданына қарасты елді мекендердің дін өкілдері қатысты. Шара барысында білікті теолог-мамандар Байғара Хурметхан мен Камалаш Серікжан жиналғандарға дәстүрлі дініміздің құндылықтарын уағыздап, жат ағымдардың ұстанған саясаты мен ханафи мәзһабына қайшылықтары туралы толықтай түсінік берді. Ауыл имамдарының діни білім деңгейлерін анықтау мақсатында арнайы тест сұрақтары өткізіліп, деңгейлері анықталды.

Шараға арнайы шақырылған Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, тарихшы-маман Талапкер Уалиев жиналғандарға «Ислам дінінің Қазақстан аумағына келуі» тақырыбында кең мағлұмат беріп, пікір алмасты.

Ұйымдастырылған екі күндік семинар тиімділігін анықтап, қажет болған жағдайда шара форматына тиісті өзгерістер енгізу мақсатында ауыл имамдарынан сауалнама алынды. Шара соңында семинарға қатысқан 16 ауыл имамдарына Ақмола облысы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Жұмағұлов Бөкен Ақанұлы арнайы сертификаттар табыс етіп, өз тарапынан алғысын білдірді.. Ауданның Бас имамы, Зеренді ауданы бойынша теологі Хабзат Баужанов шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму