Ескелді ауданында «Қайнар Қаратал» ТК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті

Ескелді ауданында «Қайнар Қаратал» ТК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті

303 rob

2022 жылғы 30 желтоқсанда Жетісу облысы Ескелді ауданында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қайнар Қаратал» ТК-ның сумен жабдықтау қызметіне берген өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулар өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сумен жабдықтау тариф жобасы — 174,75  теңге/м3 (ҚҚС-мен).

Жария тыңдауларға шақырылған мүдделі тұлғалар және субъекті тұтынушыларының жалпы саны 37 адам қатысты.

Жария тыңдаулар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Сондай-ақ, ауылдық мекенде интернет байланысының болмауына байланысты, FACEBOOK арқылы трансляция жүргізілмеді.

Жария тыңдаулардағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі 2023 жылдың 12 қаңтарында қабылданады. 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика