Елордалық ұландар бір күнде 3 ұялы телефонды қайтарып берді

Елордалық ұландар бір күнде 3 ұялы телефонды қайтарып берді

626 Awrora

Жаңа 2023 жылдың алғашқы күнінде Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің сарбаздарв үш ұялы телефон тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

1 қаңтар күні сағат 16.30 шамасында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде Орталық саябақ ішіндегі өзен жағасында әскери жасақ бастығы қатардағы Асхат Нығметуллин мен патрульдік жауынгерлер Владислав Дубровский және Әділжан Қордабас «Samsung» маркалы ұялы телефонын тауып алады. Бұл туралы бірден әскери жасақтар бойынша кезекшіге баяндады. Смартфондағы байланыс нөмірлерінің көмегімен, иесімен хабарласу мүмкіндігі туады. Кездесуді белгілеп, өзін смартфон иесімін деп таныстырған әйелге телефонның шын мәнінде тиесілі екеніне көз жеткізгеннен кейін қайтарып береді.

Сондай-ақ, осы күні «Алматы» ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген тағы бір әскери жасақ «Қазақ елі» алаңында Iphone 11pro маркалы телефонды байқады.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Зәкір Әли мен оның қарамағындағы патрульшілер Абылайхан Малғаждаров пен Тимур Серіков бұл туралы патрульдік топ бастығына баяндады.

Біраз уақыттан кейін телефонға иесі қоңырау шалып, ұландықтар айтқан жерге келеді. Телефонның құлпын ашу арқылы, оның иесі екенін растайды. Сонымен қатар, қызметтерінде қырағылық пен жауапкершілік танытқаны үшін әскери қызметшілерге алғысын білдірді.

Сол күні сағат 18.15-те «Есіл» ауданының тыныштығын күзеткен әскери жасақ бастығы қатардағы Тельман Балабеков пен патрульдік жауынгерлер Виктор Паерели және Юрий Пинкин қар арасында жатқан «Samsung» маркалы телефонын көреді.

«Біз табылған телефон туралы патрульдік топтың бастығы кіші сержант Сүлейменовке баяндап, иесін іздеуге кірістік. Көп ұзамай иесін анықтап, біз оған олжаны бердік» Тельман Балабеков

Смартфонды қайтарғаны және қырағылық танытқаны үшін азамат елордалық құрама жауынгерлеріне алғысын білдірді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика