394 rob
Астана қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімдері балаларды келе жатқан мерекемен құттықтау үшін арнайы мектептерге барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев балаларды құттықтап, оларға аудан әкімдігі атынан тәтті сыйлықтар табыстау үшін №3 арнайы мектепке барды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тәттілерден бөлек, оқушылар концерттік бағдарламадан және келер жылдың басты символы – қоянмен бірге ойын өткізіп, ерекше әсерге бөленді.
Сондай-ақ әкімдер педагогтарды да құттықтады. Елорданың Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов №2 арнайы мектепке бару барысында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың жұмысын ерекше атап өтті.
«Мұғалім – ұлы мамандық. Осы мектепте ерекше балаларды тәрбиелеп, оларды дамыту арқылы үлкен жұмыс атқарып жүрсіздер. Бүгінгі қоғамның дамуына ерекше үлес қосып келесіздер. Еңбектеріңізге алғысымыз шексіз! Сіздерге көмек көрсетуге әрдайым дайынмын» Жүсіп Жұмағұлов
Өз кезегінде Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының балаларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол сондай-ақ балаларға тәтті сыйлықтар беріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Биыл арнайы мектеп оқушылары үшін бірқатар мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Нақтырақ айтқанда, ойын-сауық орталықтарына тегін бару, қала әкімі мен аудан әкімдерінің атынан кинотеатр мен шыршаларға бару.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда елордада Мемлекет басшысының атынан шырша мерекесі өткізілген болатын. Мерекеге жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балалар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, дарынды, оқуда, спортта, шығармашылықта және т.б. жетістіктерге жеткен 200 бала шақырылды.
Источник: qazaq.asia