Еліміздегі балалар саны халықтың шамамен 35% құрайды

Еліміздегі балалар саны халықтың шамамен 35% құрайды

210 rob

Фотосурет: ©Ярослав Радловский

Бүгінде 0-17 жас аралығында 6,6 млн аса бала елімізде тұрады, олар халықтың шамамен 35% құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстан балалардың құқығын қорғау жөніндегі 15 халықаралық құжат  ратификациялады, оның алғашқысы Бала құқықтары туралы Конвенция болды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен кепілдіктерін реттейтін  50-ге жуық нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

«Президенттің 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы туралы Жарлығының негізінде Үкімет қаулысымен ағымдағы жылы іс-шаралар жоспары қабылданғанды. Жоспарда 7 бағыт бойынша 66 іс-шара қамтылған. Осыған сәйкес, өңірлік, аудандық және қалалық жоспарлар бекітілді. Балалар жылында 4 790 718 бала білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларындағы түрлі шығармашылық, зияткерлік, спорттық, сауықтыру және әлеуметтік жалпы алғанда 500 мың түрлі іс-шаралармен қамтылды. Жалпы, балалар жылын іске асыруға 12 орталық, 20 жергілікті  мемлекеттік орган, 130 үкіметтік емес, 20 мыңнан аса оқу ұйымдары қатысты» Ғани Бейсембаев

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика