Фото: ғаламтордан
Бүгіннен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өседі.
Алматы, NEGE. Осыған байланысты елде 2 млн-ға жуық қазақстандықтың айлығы көбеюі мүмкін. Сондай-ақ дәрігер, мұғалім және өзге де бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен артады. Зейнетақы және жәрдемақының көлемі де көбейеді.
Бұған 4,6 трлн теңге бөлінді. Жастардың кәсібін несиелендіру де қарқын алады. Жылдық сыйақы көлемі 2,5%-дан аспайтын, 5 млн теңгеге дейінгі несие беріледі. Жалпы бұл жобаға 2023 жылы 28 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, бұл 5,7 мыңнан астам жастарды қамтуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, бизнесті тексеру азаяды.
Источник: qazaq.asia