Аталмыш жер қойнауы барлаудың төмен дәрежесімен сипатталады
Қытайлық инвесторлар Қазақстаннан мұнай мен газ іздеуге көмектеседі. Бұл туралы LS-ке «Қазмұнайгаз» компаниясында хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, Sinopec компаниясымен геологиялық зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол қойылған. Жобалар үш санатқа бөлінеді.
Жер қойнауын геологиялық зерттеу бес учаскеде жүргізіледі: Жарқын, Болашақ, Солтүстік Өзен, Березовский, Мұғалжары. Зерттеу жұмыстарының мерзімі – 2022-2025 жылдар аралығын қамтымақ.
Негізгі барлау жобалары жеті учаскеде іске асырылатын болады: Өзен – Қарамандыбас, Шығыс Бектұрлы, Үлкен Жамбыл, Сарқамыс, Солтүстік Нұр-Мұнай, ТАН Восток, Темір Надсолевой. Олар бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін учаскелерді зерттеу және таңдау жоспарлануда.
Жобалардың үшінші санаты аз зерттелген шөгінді бассейндердегі перспективалы учаскелерге қатысты. Олардың бірі – Каспий маңы, әлемдегі ең терең ұңғыманы бұрғылау жобасы шегінде «Еуразия» және төрт аз зерттелген бассейн – Арал, Сырдария, Шу – Сарысу, Солтүстік Торғай бар. Осы жылдың соңына дейін аталмыш жобалардан перспективалы нысандарды таңдау жоспарлануда.
«Қазмұнайгаз» компаниясы келісімде көрсетілген жер қойнауы, жіті зерттелмеген болып саналатынын атап өтті. Сондықтан тәуекелдерді азайтып және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды алу туралы салмақты шешім қабылдау үшін оларды алдын ала саралап, қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Нәтижелері бойынша геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалар пулы таңдалады. Осыдан кейін инвестициялардың қажетті көлемі бойынша шешім қабылданады.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан мен Қытай миллиардтаған долларлық құжаттарға қол қойғанын хабарлаған болатын.
Источник: lsm.kz