1012 rob
Фото: Абай облысы ТЖД
Құтқарушы-жасақшылар – бұл арнайы дайындықтан өткен және кез келген уақытта көмекке келуге дайын еріктілер, деп хабарлайды DKnews.kz.
Шомылу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алакөл көлінің жағалауында Жағажай туризмі кәсіпкерлері қауымдастығының қолдауымен жергілікті атқарушы органдар құрған 10 адамнан тұратын құтқарушы — жасақшылар бөлімшесі жұмыс атқаруда.
Олар Алакөл көлінің жағалауындағы құтқару мұнараларында кезекшілік етеді, тәртіпті қадағалап, төтенше жағдайларға жедел етуге дайын, сондай-ақ демалушыларға судағы мінез-құлық ережелері туралы белсенді түрде хабарлайды, жадынамалар таратады және әңгімелер өткізеді.
Құтқарушылар барлық қажетті құралдармен жабдықталған, сондай-ақ Абай облысы ТЖД оқығаны туралы сертификаттары бар.
Источник: dknews.kz