Ресейден Қазақстанға ақша аудару азайды

Ресейден Қазақстанға ақша аудару азайды

Бір жыл ішінде Қазақстанға Ресейден ақша аударымдарының көлемі 5,2 есеге қысқарды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанға шетелден 24,4 млрд теңге түскен. Өткен жылдың ұқсас айында бұл сома 70,6 млрд теңгені құрады, яғни шамамен 2,9 есе көп.

Негізінен ақша Ресейден аударылды – 6,9 млрд теңге (2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 5,2 есе азайды), Өзбекстаннан – 3 млрд теңге (-51,6%), АҚШ- тан – 2,9 млрд теңге (-21,6%), Оңтүстік Кореядан – 2,7 млрд теңге (-12,9%), Түркиядан – 1,9 млрд теңге теңге (+5,5%).

Қазақстаннан шетелге 93,2 млрд теңге жөнелтілді. Бір жыл ішінде бұл көлем 0,74%-ға қысқарды. Елден ең көп ақша Өзбекстанға аударылды – 29 млрд теңге (-7,6%). Бұдан кейін Ресейге – 21,9 млрд теңге (+24,4%), Түркияға – 20,3 млрд теңге (-20,7%), Грузияға – 8,5 млрд теңге (+1,8 есе) және Қырғызстанға – 3,9 млрд теңге (+18,2%).

2023 жылдың қыркүйек айында республика аумағында 4,7 млрд теңге сомаға 17,1 мың транзакция жүргізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,8%-ға аз.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика