Алматы халықаралық әуежайының коммерциялық үй-жайлары мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды LS.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурас әуе айлағы жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғанын анықтады.
2003 жылы «Имсталькон» АҚ Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебіне өтті.
Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағаны белгілі болды.
Әкімдікке осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб аудандық сотына жауапкер А. Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 ш.м. жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмлелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.
Соттың 29.12.2022 жылғы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі а.ж. 13 наурызында күшіне енді.
Бүгінгі таңда соттың шешімін орындау аясында меншік құқығын Алматы қаласы әкімдігіне тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ бойынша, ал Әділет департаментімен объектілерді мемлекет пайдасына тікелей беру жұмыстары басталды.
Источник: lsm.kz