
Рубль қымбаттап, теңге әлсіреп жатыр
Теңге ресейлік рубльге қатысты әлсіреп, 6,37 деңгейіне дейін төмендеді. «Сентрас Секьюритиз» сарапшыларының пікірінше, бұл үрдіс жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды LS. 22 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша рубльдің теңгеге қатысты орташа сараланған бағамы 6,37 теңгені құрады. Сарапшылар мұны Украинадағы соғыстың аяқталуына және Ресейге салынған санкциялардың ішінара немесе толық алып тасталуына деген инвесторлардың үмітімен…