
Түркия компаниясы Қазақстанның алтын мен мыс кен орындарына инвестиция салуға ниетті
Қазақстанда алтын мен мысқа перспективалы учаскелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі LS редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады. Министрліктің мәліметінше, қазақстандық және түрік компаниялары бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр. 2023 жылы тараптар ынтымақтастық шарттарын келісіп, қазақстандық компания шетелдік серіктесіне перспективалы учаскелерді іздеп ұсынуды бастаған. Түрік тарапы геологиялық барлау жұмыстарын қатты пайдалы қазбалар…