
Қазақстан Еуропаға дәрі экспортын жолға қойды
Қазақстан шетелге дәрі-дәрмек сатуды ұлғайтты. Ал импорт, керісінше, азайды, деп хабарлайды LS. 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елде 56,1 млрд теңгеге дәрі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен өзгеріссіз қалды (–0,3%). Сонымен қатар экспорт 40,3%-ға өсіп, 3,8 мың тоннаны немесе $17,7 млн-ды құрады. Атап айтқанда, Ресейге 2,8 мың тонна дәрі жөнелтілді (1,8 есе өсті),…