Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болады
Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова жеңілдетілген ипотекалық несиелеудің жаңа бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды LS. Ол «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары мен тетіктері 2024 жылы белгілі болатынын атап өтті. «Бізге жас отбасылар жолдың басында тұрғанын, бірақ баспанасы жоқтығын айтып жиі хабарласады. Бірақ олар мемлекеттік қызметші болып қызмет атқармайды, тіптен бюджеттік ұйымдарда да жұмыс істемейді….
