Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
Банктерді клиенттердің есепшоттары туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттеу көзделіп отыр, деп хабарлайды LS. Қаржы министрлігі дайындаған бұйрық жобасында бұл талап жаңа Салық кодексінің аясында жүзеге асатыны көрсетілген. Жаңа нормаға сәйкес, мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың есепшоттарының бар-жоғы мен нөмірлері, сондай-ақ олардың шоттарындағы қалдық пен қаржы қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын арнайы нысанды бекітуді…
