Қазақстанда өзбекстандықтар мен қытайлықтардың саны артты
Қазақстаннан белсенді түрде құрылысшы-сәулетшілер кетіп жатыр, деп хабарлайды LS. 2024 жылдың үш тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұруға 20 мыңнан астам адам көшіп келген. Бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 6,5%-ға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елден кеткен халық саны екі есеге азайған (10,2 мың) және олардың саны әлі де болса азайып келеді (-19,8%). Көші-қон сальдосы оң нәтиже…
