Қостанай облысында түркиялық инвестор өндіріс ашпақ

Қостанай облысында түркиялық инвестор өндіріс ашпақ

Қостанай облысында түрік компаниясының қатысуымен бұршақ дақылдарын қайта өңдеу жолға қойылады. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте айтты.

Агроөнеркәсіптік кешенде жобаны іске асыруға инвестициялар көлемі шамамен 24 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын бұршақ дақылдарының барлық түрлерін өңдірмек. Мәселен, зауытта жылына 400 тонна өнім өңдіруге ниетті. Кәсіпорында 70-ке дейін жұмыс орны құрылуы мүмкін.

«Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағында Çalık Holding түрік холдингінің қатысуымен АС AGRO компаниясы құрылды», — деп толықтырды әкімдікте.

Бүгңнде жоба бойынша бизнес-жоспар әзірленген. Сондай-ақ, мемлекеттік заттай грант түрінде жер учаскесін беру мүмкіндігі қарастырылуда.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика