Қазақстанда дайын агробизнесті лизингке беру тетігін іске қосу ұсынылды, деп хабарлайды LS.
Ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, Қазақстанда жайылымдар көп, бірақ мал шаруашылығына жер алу үлкен проблема.
«Біз барлық бос жайылымдар белгіленетін бірыңғай портал құруды және оларды онлайн алуға мүмкіндік беруді ұсынамыз. Бүгінде бос жер бар жоғын тек әкімдік біледі. Егер мұның бәрі онлайн режимінде жасалса, сыбайлас жемқорлықта жойылар еді. Тіпті аукцион арқылы кім қаласа, сол ақша төлеп алсын», — деп түсіндірді ол.
Бақтыбаев сондай-ақ, аграршы болғысы келетіндер үшін дайын бизнесті лизингке беру тетігін енгізуді ұсынды.
«Егер адам мал шаруашылығымен айналысқысы келсе, алғашқы пайда тапқанға дейін 6,5 жыл қажет болады. Ал біз бұл кезеңді екіге жылға дейін қысқартқымыз келеді. Қалай десеңіз? Мемлекеттің өзі шаруа қожалықтарын салып, содан кейін аукцион арқылы несие желісімен оларды қалаған адамға сату. Яғни фермер технологиялық қателері жоқ, кепілдендірілген сатылуы бар дайын бизнесті алады. Бұл вице-премьер Тамара Дүйсенова қолдаған ұсынысымыз болды. Біз оны келесі аптада талқылаймыз. Менің ойымша, бұл механизм кейбір салаларда сыналып, болашақта қолдау табады», — деді ол.
Одақ басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мемлекеттік органдармен талқылау жүріп жатқанын да айтты.
«Қазір бағдарламаға 1 трлн теңге бөлінді, бірақ ол сәл жетілмегендіктен жұмыс жүргізілуде. Бұл мәселені мемлекеттік органдармен пысықтауымыз қажет. Бір қарыз алушыға лимит сомасы артуы мүмкін», — деп нақтылады Бақтыбаев.
Ол сондай-ақ, субсидиялармен байланысты жағдайға түсініктеме берді.
«Субсидия бар, бірақ сомалары аз. Және төлемдері бойынша үнемі проблемалар туындайды. Жақында үкімет 30 млрд теңге субсидия тапшылығы туындағанын, олар жыл соңына дейін бөлінетінін мәлімдеді. Бірақ олар көктемде қажет болды. Біздегі ұсыныс: егер адам бизнеспен айналысса және жыл сайын белгілі бір субсидиялар алса, онда неге оған несие іздемеуі үшін бұл көмекті алдын ала бермеске», — деп атап өтті Одақ басшысы.
Бақтыбаев қазақстандық еттің Қытайға экспорты туралы да сөз қозғады.
«Менің ойымша, сауда ақпан айынан бастап қайта басталады. Экспортсыз біз өз әлеуетімізді дамыта алмаймыз. Қазір Қытайда ет бағасы төмендеді, сондай-ақ елге Бразилия өнімдерімен бәсекелесуге тура келеді. Менің ойымша, жаңа салқындатылған ет пен тірі малға баса назар аудару керек. Сол жағдайда ғана біз жоғары баға қоя аламыз, өйткені басқа елдер мұндай өнімді жеткізе алмайды. Ал бізде артықшылық бар», — деп түсіндірді Бақтыбаев.
Өз кезегінде «ШҚО ветеринарлық дәрігерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есенгелді Бакинбаев нарықтағы қиын жағдай туралы айтып берді.
«Жануарлармен тікелей жұмыс істейтіндерге көмектесу керек. Бүгінде ветеринарлар көбінесе ескі ғимараттарда немесе тіпті әкімдіктерде жұмыс істейді. Оларға мәселен, дәрі-дәрмектерді, биоматериалдарды, құралдарды сақтайтын жер керек. Екінші жағынан, жалақы төмен, жұмыс киімдері де жоқ, олар жыртылған фуфайкалар мен етіктерде жүреді. Бензинді де өздері алады. Тіпті кейбіреулеріне қағаз берілмейді, соны да сатып алуға мәжбүр. Ветеринарларға алдымен жағдай жасау керек. Содан кейін, олардан сұрау да болады. Қазір олар ештеңеге жауапты емес, себебі жалдамалы қызметкерлер сияқты», — деп түйіндеді Бақынбаев.
Бұған дейін, Қазақстан АҚШ пен Эстониядан ірі қара мен жылқы сатып алатыны хабарланған болатын.
Источник: lsm.kz