Катардан келген инвесторлар Қазақстанда астық өңдеуді жолға қоюға көмектесе алады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
«Астана» халықаралық форумының аясында ол журналистердің Катардағы компаниялардың Қазақстанда астық өңдеу зауытын салу ниеті туралы сұрағына жауап берді. Министрдің сөзінше, бүгінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ел аумағында жобаларды жүзеге асыруға мүдделі инвесторлар көп.
Мәселен, өткен жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында $200-ға 270-ке жуық жоба іске асырыла бастады.
«Биылғы жылы 290 жоба енгізу жоспарымызда. Олардың қатарында шикізат өндіру, азық-түлік өнімдерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бар. Жұмыс жүргізілуде, әрі жалғасын таппақ», — деді министр.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп астық өңдеу кластерін құруға ниетті екенін жазған болатын. Жобаны 2023-2025 жылдары болашақ халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының (ХШЫО) аумағында іске асырылмақ. Нәтижесінде 1 млн тоннаға дейін отандық астықты терең өңдеу, сондай-ақ өсімдік майын тазарту бойынша өндірісті жолға қою жоспарлануда.
Источник: lsm.kz