Бухгалтерлік есепті жүргізу енді жеңіл әрі жылдам болмақ. Jusan Business қазақстандықтарға қажетті форманы еш қиындықсыз толтырып және жүктеуге мүмкіндік беретін тегін онлайн-бухгалтерия қызметін қосты.
Бұл сервис Jusan Business-тiң қазіргі және жаңа клиенттеріне қолжетімді. Оны тек бухгалтер ғана емес, компания басшылары да пайдалана алады. Бұл кызмет оңтайландырылған режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкер және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке арналған.
Екіншіден, қызмет 910 формасы бойынша (910 салық есептілігі формаларын) есептеуге мүмкіндік береді. Jusan клиенттері форманы толтыру үшін онлайн-бухгалтерияға қосылып, қажетті минималды деректерді, атап айтқанда, кірістер мен қызметкерлер туралы ақпаратты толтыруы керек. Содан кейін жүйе өзі бәрін есептеп, дайын форманы ұсынады.
Аталмыш қосымшаның өзектілiгi қандай?
Әдетте бухгалтерлік есептеулерді өз бетінше жүргізетін компания басшылары есеп жүргізу кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болып жатады. Себебі салық формасын толтыру ұзақ уақытта созылып кетуі мүмкін. Мәселен, формада жеке кәсіпкер мен барлық қызметкерлер үшін де жартыжылдықтың әр айына төленген салықтар мен аударымдарды көрсету керек. Сонымен қатар уақыт өте келе жаңарып отыратын түзетулер мен ережелерді қадағалау маңызды.
Есеп берушілердің белгілі бір қателіктерге жол берiп, ескірген формаларды қолдануы әбден мүмкін. Әдетте, бұл кемшіліктер кәсіби бухгалтердің көмегімен шешіледі.
Ендігі жерде, мәселенің ең оңтайлы шешімі — өзі бәрiн есептеп, ақша мен уақытты үнемдейтін онлайн-бухгалтердің көмегіне жүгіну.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.
Источник: lsm.kz