Jusan Bank кәсіпкерлер үшін несие алу процесін жеңілдетті

Jusan Bank кәсіпкерлер үшін несие алу процесін жеңілдетті

Қазақстан кәсіпкерлеріне «Даму» қорының кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша онлайн несиелер алу жеңілдедi. Енді онлайн өтінімді Jusan Business қосымшасында беруге болады.

Бүгін Алматыда Jusan Demo Day алаңында корпоративтік клиенттер үшін өзінің цифрлық жетістіктерін таныстырды. Jusan Bank цифрлық өнімдерді құрастыру департаментінің директоры Андрей Гусаковтың айтуынша, Jusan Business қосымшасында өтінім рәсімдеу физикалық қызмет көрсетуден 10 есе жылдам болмақ. 

«Бұл процесс жарты сағаттан аспайды. Оған өтінімді рәсімдеу, мақұлдау алу және кәсіпкердің шотына қаражат түсу кіреді», — деп атап өтті ол.  

Ол мобильді қосымшада шот ашуға болатынын атап өтті, уақыты бес минуттан аспайды. Қазір бұл функцияны жеке кәсіпкерлер пайдалана алады, алайда 2022 жылдың соңына қарай ол ЖШС иелері үшін де қолжетімді болады.

Өз кезегінде «Оnline шот» өнімінің менеджері Арина Лаптева шот ашу үшін телефон нөмірі мен ЖСН  жеткілікті екенін түсіндірді. 

«Қазір біз барлық трафиктің 35% -ын офлайн арналардан босаттық. Яғни, қазір біздің кәсіпкерлер бөлімшелерге бармайды, қолдағы ұялы телефон мен қосымшалар арқылы шот ашады. Қызмет мүлдем қауіпсіз, өйткені бізде мемлекеттік қызмет түрлерімен және дерекқорлармен сапалы байланыс орнатылған. Сондықтан пайдаланушыға алаңдайтын себеп жоқ», — деп бөлісті ол. 

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін банк онлайн-бухгалтерия бойынша қызметті іске қосуға дайын. Оның көмегімен салықтарды төлеуге, кадрлардың базалық есебін басқаруға, салық төлеу мерзімі мен есептелген салық сомалары туралы хабарламалар алуға, бастапқы құжаттарды қалыптастыруға және салық есептілігін тапсыруға болады.  

Сонымен бірге Гусаков төлем қызметін оңтайландыру бойынша жұмысқа тоқталды.  

«Қазақстандағы валюталық заңнама өте күрделі және ыңғайсыз. Мұнда біз төлемдерді автоматтандыру мен жеделдетуге бет бұрдық, өйткені бизнес үшін жылдамдық маңызды, ал контрагенттер әрқашан ақша күтеді. Біздің банкте валюталық төлемдердің 80% — ы онлайн режимінде өтуде», — деп түсіндірді спикер. 

Сондай-ақ, ол  қазір клиенттер «Өз пакетіңді жина» өнімін пайдалана алатынын еске салды, бұл кәсіпкерлерге тек қажетті операцияларды төлеу үшін тарифтерді икемді басқаруға мүмкіндік береді.   

«Егер оның ай сайынғы абоненттік төлемімен бір жыл бұрын қандай да бір тарифі болмаса, онда ол тарифті өз бетінше жасай алады. Мысалы, маған айына 50 төлем, кассадан ақша алу және тағы басқалар қажет. Осылайша ол өзінің пакетін конструктор сияқты жинайды және тек өзіне қажет нәрсе үшін төлейді. Егер оған аз төлемдер қажет болса, ол оларды алып тастап, аз төлейді. Қысқаша айтқанда, біз бизнестің дамуына көмектесу және клиенттердің қажеттіліктерін тез және тиімді жабу үшін бәрін ұсынамыз», — деп қорытындылады Гусаков. 

Спикер қазіргі уақытта Just Business-тiң ай сайынғы клиенттік базасы 140 мыңнан астам заңды тұлғаны құрайтынын атап өтті.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика