Jusan тобына қатысты шағымға қарамастан Jusan Bank-i штаттық режимде жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды LS.
Қаржы құрылымының баспасөз қызметі Jusan Bank Қазақстанның ең сенімді, қарқынды дамып келе жатқан және қаржылық орнықты банктерінің бірі екенін еске салды.
«Банк және оның негізгі акционерлері Қазақстанның резиденттері болып табылады. Қаржы институты реттеушінің және ұлттық заңнаманың барлық талаптарын орындайды. Сондықтан Бас прокуратура «Jusan» тобына қатысты іс бойынша ақпараттық хабарламасында атап өткендей, Jusan Bank қызметі бұл талқылаулардың нысанасы емес екенін ескерген жөн», — деп атап өтті банкте.
Jusan Bank – елдегі ең ірі банктердің бірі. Ең ірі банктердің арасында капиталдың активтерге шаққандағы көрсеткіші бойынша 1-орында және капитал мөлшері бойынша 542 млрд бойынша 3-орында тұр.
«Банктің қазіргі көрсеткіштері пруденциалдық нормативтерінен айтарлықтай жоғары, бұл оның қаржылық жағдайы жоғары деңгейде және ұйымның несие тәуекелі төменгі деңгейде екенін көрсетеді», — деп атап өтті Jusan Bank-те.
Банктің кешіктірілген несиені жабу резервінің деңгейі жоғары, бұл қолданыстағы қарыздарды 225%-ға өтейді. Ал қаржы құрылымының 1,5 трлн теңге мөлшеріндегі өтімді активтері клиенттердің тартылған қаражатын толық көлемде жабады.
Банк белсенді түрде ел экономикасын несиелендіруде. 2022 жылы клиенттерге берілген несие көлемі 12%-ға артты. Өткен жылы клиенттердің жалпы базасы 55%-ға артып, бүгінде Қазақстан бойынша жеке және заңды тұлғалардың саны 3 млн-ға жетті.
«Тұтастай алғанда, банк бизнесті жүргізудің ашықтық қағидатын ұстанып,қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуды жалғастыра бермек.
Jusan Bank қызметін қалыпты режимде жалғастырады, клиенттер алдындағы барлық міндеттер орындалады», — деп қорытындылады қаржы ұйымында.
Источник: lsm.kz