Келесі жылы жаңа жеңілдікті ипотекалық бағдарлама іске қосылады деп күтілуде, деп хабарлайды LS.
Премьер-министр Әлихан Смайылов кейбір мәліметтерді жеткізді.
«Бағдарламаны іске асыру үшін есеп жүргіземіз. Оған жыл сайын 150 млрд теңге қажет болады. Нәтижесінде 8 мың адам ипотека рәсімдей алады», — деді министрлер кабинетінің басшысы.
Бағдарлама бойынша қаржыландырудың екі көзі болады: 100 млрд теңге Отбасы банкінің таза табысынан, қалғаны нарықтан тартылады.
«Бұл жастарға бағытталған бағдарлама болмақ. Сондықтан оған деген сұраныс та жоғары болуы керек», — деді премьер-министр.
LS редакциясы бұған дейін «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары мен тетіктері 2024 жылы белгілі болады деп жазған болатын.
Источник: lsm.kz