Испандық компания өндірісін Ресейден Қазақстанға көшіруге ниетті

Испандық компания өндірісін Ресейден Қазақстанға көшіруге ниетті

Испандық компания өз өндірісін Ресейден Қазақстанға көшіру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды LS.

Испандық компания өкілінің мәлімдеуінше, аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты компания өнімді тасымалдау мен шикізат ресурстарына қол жеткізуде біраз қиындықтарға тап болған. Сондықтан олар өндірістік қуаттарды Ресейден Қазақстанға ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда. Инвестиция сомасы $15 млн-дан асуы мүмкін.

Өз кезегінде, Kazakh Invest ақпаратына сәйкес, испандық MAXAM химиялық компаниясының атқарушы директоры Хуан Карлос Гарсиямен келіссөздер жүргізілді. Tараптар елімізде тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін арнайы компоненттер өндірісі бойынша жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Анықтама

MAXAM компаниясы – тау-кен өнеркәсібінде, құрылыста азаматтық пайдалануға арналған жарылғыш заттар мен жарылыс жүйелерін әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы өнеркәсіптік топтардың бірі. Компания спорттық атуға және аң аулауға арналған патрондар шығарады, әртүрлі химиялық заттар мен тыңайтқыштарды жеткізуші болып табылады.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика