Iрі банк автомобиль мен смартфондар ұтысын жариялады

 Iрі банк автомобиль мен смартфондар ұтысын жариялады

Күнделікті ақша аударымын жасап, көлік ұтып ал. Осы аптада Jusan Bank кәсіпкерлер арасында екі айға созылатын жаңа акцияны бастады.

Jusan Bank су жаңа Huyndai Staria автокөлігі мен iPhone 14 смартфонын ұтып алу мүмкіндігін сыйлайды. Ол үшін төменде көрсетілген шарттарды орындау керек.

Акция кезінде, яғни осы жылдың 14 қарашасынан бастап келесі жылдың 8 қаңтарына дейін бизнес-клиент JusanBusiness интернет-банкинг жүйесін пайдалана отырып, бір немесе бірнеше операция жасауы қажет:

1) ағымдағы шоттан теңгемен және/немесе шетел валютасымен үшінші тұлғалардың шотына аударым немесе төлем жасау;
2) карталық шоттан (корпоративтік картаны, ЖК картасын пайдалана отырып аударым/төлем) үшінші тұлғалардың карталық шотына ақша аударымын немесе төлем жасау;
3) «Өз пакетіңізді жинаңыз» (қызмет үшін комиссия төлеу қажет) қызметіне қосылу;
4) Jusan Tole MPOS/SmartPOS терминалы арқылы төлемді қабылдау (эквайринг үшін банкке комиссия төлеу қажет болады);
5) онлайн несие рәсімдеу.

Айта кетсек, ұтыс ойыны JusanBusiness платформасында онлайн операция жүргізген бұрынғы және жаңа клиенттер арасында өткізіледі. Науқан барысында әр күннің қорытындысы бойынша екі апта сайын 14 жеңімпаз су жаңа iPhone 14 иеленеді. Ұтыс Jusan Bank-тің Instagram-дағы ресми парақшасында өткізіледі.

Бас жүлде – Hyundai Staria автокөлігі науқан соңында өткізелід. Бір ескеретін жайт – смартфонды ұтып алған жеңімпаз ұялы телефондардың келесі ұтыс ойындарына жіберілмейді. Алайда коммерциялық автокөлік ұтыс ойынының қатысушысы болып қала береді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда банктің бизнес-клиенттер базасы 182 мыңнан асады, 2022 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 40%-ға артқан. Сонымен қатар Jusan Business пайдаланушыларының саны 78%-ға, Jusan Tole қолданушыларының портфелі 300%-ға өсті.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. №1.2.35/225/37 лицензиясы.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика