Halyk Finance: 2026 жылы доллар 600 теңгеден асады

Halyk Finance: 2026 жылы доллар 600 теңгеден асады

Теңге сыртқы экономикалық тәуекелдер мен ішкі факторлардың әсерінен АҚШ долларына қатысты айтарлықтай әлсіреуі мүмкін. Бұл жөнінде Halyk Finance компаниясының кезекті макроэкономикалық есебінде айтылған, деп хабарлайды LS.

«Біздің болжамымыз бойынша, 2025 жылдың соңына қарай доллар бағамы 550–560 теңге шамасында болады. Бұл теңгенің біртіндеп әлсіреуін көрсетеді, себебі импорт өсіп, Ұлттық қордан сатылатын валюта көлемі азаяды (қосымша қаржы бөлінбесе). Сонымен бірге, жыл соңына дейін мұнай бағасы ағымдағы деңгейде сақталып, экспорт көлемі өседі деп күтілуде. Ал алтынмен байланысты операциялар арқылы шамамен 1,4 трлн теңге (ай сайын $848 млн шамасында) валюта сатылмақ. Бұл нарықтағы доллар ұсынысын көбейтіп, теңге бағамын белгілі бір деңгейде қолдап тұрады», — деп атап өтті сарапшылар.

Ал 2026 жылы USD/KZT бағамы бір доллар үшін 600-610 теңге деңгейіне дейін әлсіреуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұған мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі, экспорттық түсімнің қысқаруы және Ұлттық қордан валюта сату көлемінің азаюы негізгі себеп болады.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика