Енді борышкерлердің банктік шоттары толық жабылмайды

Енді борышкерлердің банктік шоттары толық жабылмайды

Енді қазақстандықтардың банктік шоттары берешек болған жағдайда толық емес, тек қарыз сомасы шегінде ғана бұғатталатын болады, деп хабарлайды LS.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков алдағы өзгерістерге қатысты түсінік берді.

«Азаматтар тарапынан шоттардың толық бұғатталуына қатысты көптеген шағым түсті. Бұған дейін, айыппұл немесе өзге де берешек болған жағдайда, банктер шотты толық бұғаттайтын. Енді бұл жүйе жетілдірілді: жеке сот орындаушылары тек қарыз сомасы шегінде ғана шектеу қоя алады. Яғни, азаматтардың шоттары толық жабылмайды. Қазіргі таңда бұл бағытта банктермен бірлескен жұмыс жүргізіліп, тиісті хаттар жолданған. Жаңа тетік жуық арада іске қосылады», – деді ол.

Айта кетейік, бұл норманы енгізу мәселесі 2023 жылдан бері талқыланып келеді.

Еске салсақ, Қазақстанда салық берешегі 86,5 мың теңгеден асқан азаматтардың шоттарына бұғат қою шарасы қолданылады.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика