Солтүстік Қазақстан облысында қалайы кен орны игеріле бастады. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте мәліметтермен бөлісті.
Редакцияның сұрауына жауап ретінде 2019-2024 жылдары инвестор жобаға 3,5 млрд теңгеден астам қаражат жібергені хабарланды. Ал жобаның жалпы құны 150 млрд теңге.
Қазіргі уақытта инфрақұрылым объектілерін құру үшін құжаттар бекітілді. Бұдан басқа, тау-кен металлургия комбинатының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
«Қоршаған ортаға эмиссия үшін оң мемлекеттік экологиялық қорытынды алынды», — делінген сұрауға берілген жауапта.
Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 11 мың тонна қалайы концентратын құрайды. 600 жұмыс орны құрылады.
Келесі жылы вахталық кент, жанар жағармай және жарылғыш заттар зертханасы мен қоймаларын салуды бастау жоспарлануда. Пайдалануға беру 2028 жылдың соңында күтілуде.
LS редакциясы бұл жобаға 2019-2023 жылдары 2 млрд теңгеден астам инвестиция салынғанын жазған болатын.
Бұған дейін, жергілікті билік өңірде ірі жер қойнауын пайдаланушы-инвесторлар жоқ екенін айтты. Өңірде қалайы кен орнын игеру жобасы бірінші жылы жүзеге асырылып жатқан жоқ. Атап айтқанда, инвестор тарапынан барлау, ал 2020 жылы – аршу жұмыстары жүргізілді. Алайда жоба пандемияның басталуына байланысты тұралап қалды. 2022 жылы компания акционерлері транш алу үшін банктермен жұмыс істеп бастады. Содан кейін зертханалар құрылысының басталуы күтілген еді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба бастапқыда 100 млрд теңгеге бағаланған болатын. Оны 2021 жылы аяқтау жоспарланды.
Источник: lsm.kz