Домой Новости области Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, ел экономикасы 3% процентке өскен

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, ел экономикасы 3% процентке өскен

773
0

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, бизнесті қолдау жалғаса бермек. Келесі жылы «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары аясында 1 триллион теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың орнықты әрі сапалы өсуін қамтамасыз етуге сеп болмақ. Маңызды құжатта айқындалған міндеттер ақмолалықтардың зор қолдауына ие болуда. Себебі, ондағы бастамалардың бәрі – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналған.

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, ел экономикасы 3% процентке өскен. Ендігі міндет — халықтың денсаулығын сақтай отырып, кәсіпкерлік нысандардың қалыпты тіршілікке оралуына жағдай жасау. Тағы бір ақжолтай ақпар.  Елде жаңа жылдан бастап дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы өседі. Сондай-ақ, ең төменгі жалақы көлемі де артты.

Жолдау жүктеген міндеттердің бірі — денсаулық саласын жетілдіріп, бұқаралық спорртты дамыту. Нәтижесінде, орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу көзделіп отыр.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму