Премиум алкогольге салынатын салық жоғары болады. Бұл туралы ұлттық экономика (ҰЭМ) министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
«Біз оны мың есе арттырамыз. Мысалы, 10 жылдық Macallan вискиінің құны 7 млн теңге. Қазір оған акциз – 700 теңге. Біз оны 10 есе арттырамыз, осылайша өз құнынан шамамен 10% қосамыз. Сән-салтанат салығы халықтың белгілі бір деңгейіне қатысты», – деді министр.
Ол сондай-ақ, егер қазақстандықта орта есеппен 50 шаршы метрден 10 пәтер болса, онда әрбір пәтерге салынатын салық жылына 11 мың теңгені құрайтынын айтты.
«Қазір осындай жолға көштік. Егер біз осы 10 нысанның барлығын қосатын болсақ, онда жиынтық құны 100 млн теңге. Есептеу бойынша 10 пәтер үшін жылына 1 мың теңге. Тиісінше, салық 400 мың теңгеден жоғары болады. Осылайша, мүлік иелеріне салынатын салық төрт есе артады. Негізінде бұл әділ», – деп түсіндірді Қуантыров.
Қуантыров жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласын енгізуді түсіндірді.
«Қазір әлеуметтік салық бойынша салық жүктемесі 19%-ды құрайды. ЖТС пассивті кірістерге прогрессивті болады. Бұл акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және т.б. Пассивті кірістің құны неғұрлым жоғары болса, мысалы, егер 150 млн теңге болса, салық қазірдің өзінде 15% болады. 300 млн теңгеден асса, онда 20%. Бірақ бұл өзгерістер халықтың орта деңгейіне әсер етпейді», – деп түйіндеді ол.
Бұған дейін, ҰЭМ қазіргі уақытта елге ликер-арақ өнімдері – 0,7 литр үшін 5 995 968 теңгеге MACALLAN 50YO вискиі (акциз сомасы – 714 теңге), 3 литр үшін 4 225 131 теңгеге Cognac Remy Martin Louis XIII коньяк (акциз сомасы – 300 теңге), шарап әкелгенін хабарлады. Сhateau Petrus 0,75 литр үшін 888 929 теңгеге (акциз сомасы – 26 теңге). Сондай-ақ,15 дана үшін 143,1 мың теңгеге Cohiba сигаралары, 40 дана үшін 120 мың теңгеге Don Antonio Churchills сигаралары әкелінді. Адамдардың шектеулі тобында яхталар, жеке ұшақтар бар. Мәселен, 490 яхта жеке тұлғаларға, 176 – заңды тұлғаларға; 248 ұшақ деке тұлғаларға, 665 – заңды тұлғаларға тиесілі.
Источник: lsm.kz