Қазақстанның қай өңірлерінде газ бен мұнай өндіріледі

Қазақстанның қай өңірлерінде газ бен мұнай өндіріледі

Қазақстанда 90,5 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда, алайда кейбір өңірлерде өндіріс деңгейі төмендейді. Энергетика министрлігінде LS-ке егжей-тегжейі айтылды.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы болжамды мұнай өндіру 90,5 млн тоннаны құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары.

Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында – 9%-ға, Маңғыстау облысында – 7%-ға, Атырау облысында – 9%-ға өсу күтілуде.

Болжам бойынша, өндіріс екі өңірде төмендейді: Қызылорда облысында – 3%-ға, Ақтөбе облысында – 2%.

Газ өндіруге келетін болсақ, ағымдағы жылы өндіріс 53,5 млрд текше метрді құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға жоғары.

Бұл ретте ең көп үлес Атырау облысына – 44% және Батыс Қазақстан облысына – 39% тиесілі.

Бұдан басқа, газ бен мұнай Ақтөбе облысында 10%, Маңғыстау облысында 5%, Қызылорда облысында 1,3%, Жамбыл облысында 0,6%, Шығыс Қазақстан облысында 0,1% өндіріледі.

Бұған дейін, LS редакциясы қытайлық инвесторлар мұнай-газ жобаларын дамытуға Қазақстанға көмектесетіні туралы жазған болатын.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика