Қазақстан мен Қытай (ҚХР) арасында үшінші өткізу пункті, сондай-ақ екі мемлекеттің шекарасында жаңа құрғақ порт салу жоспарлануда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ) LS-ке толық ақпарат берді.
Министрлiктiң мәліметінше, өткізу пунктінiң ашылуы ұзындығы 270 км болатын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісін салу шеңберінде жоспарлануда. 2023 жылдың маусымына дейін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленiп, ал құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланды.
Осы жоба есебінен «Достық» және «Алтынкөл» шекара маңындағы теміржол станциялары босап, екі елдің өткізу қабілеті 20 млн тоннаға артады деп күтілуде.
ИИДМ-де ҚХР-мен шекарада құрғақ порт пен логистикалық парктің қашан құрылатыны туралы айтылды. Бұған дейін аталған тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.
Министрлiктiң мәліметінше, бұл жоба өткізу пункті құрылғаннан, Бақты – Аягөз желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін және «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолының реконструкциясы аяқталғаннан кейін іске асырылатын болады. Министрлікте бұл құрғақ порттың Қазақстанның негізгі көлік дәліздерімен байланысын қамтамасыз ететінін түсіндірді.
Бұған дейін, LS редакциясы өткізу пункті мен теміржол желісін салудың болжамды құны – 321 млрд теңге екенін хабарлаған болатын.
Источник: lsm.kz