Қазақстандық зейнеткерлер өз жинақтарын емделу мен баспанаға жұмсай алады

Қазақстандық зейнеткерлер өз жинақтарын емделу мен баспанаға жұмсай алады

Қазақстанда зейнеткерлер өз жинақтарын емдеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалана алады, деп хабарлайды LS.

Бұл мүмкіндік қазақстандықтарға әлеуметтік кодекс шеңберінде осы жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімді болады. Атап айтқанда, оларға зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалану құқығы беріледі.

«Зейнеткерлер жинақталған қаражаттарын тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында интернет-платформа арқылы Отбасы банкіне немесе екінші деңгейлі банктерге жүгініп біржолғы төлемдерге өтініш бере алады», — деп мәлімдеді еңбек министрлігінде.

Ал жинақтарды емделуге пайдалану үшін интернет-платформа арқылы Отбасы банкіне ғана жүгіну қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ халыққа зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақысын төлеуге пайдалану құқығын берді. Бұл ретте бұл құқық барлығы бірдей қолжетімді емес.

Бұған дейін, LS қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін жеке басқаруға беруге рұқсат етілгенін жазған болатын.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика