Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы жақсарады

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы жақсарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)өсімін 2029 жылға қарай 6-7%-ға дейін арттыруды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі LS-ке қойылған мақсатқа қалай жететінін айтты.

Министрлік дайындаған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, бұл көрсеткіш 2024 жылы 5,3%-ға дейін ұлғаяды, ал 2026-2028 жылдары 6%-ға жетеді.

Бұған дейін, Ұлттық банк 2023 жылы ЖІӨ өсімі 4,2-5,2% диапазонында қалыптасады, 2024-2025 жылдары 4-5%-ға тең болады деп болжаған болатын.

Ұлттық экономика министрлігінің күтуінше, экономиканың ұлғаюына кәсіпкерліктегі жаңа реттеуші саясат, шағын орта кәсіпкерлікті қолдау ықпал етеді. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыруға ставка жасау жоспарлануда. Бұдан басқа, жалпыұлттық жобалармен жұмыс жүргізілетін болады.

Нәтижесінде, министрліктің болжамы бойынша, ел экономикасын дамытудың ең негізгі драйверлерінің бірі шикізаттық емес сектор болмақ. Оның ішінде өнеркәсіпте 2024-2028 жылдардағы орташа жылдық өсу қарқыны 4%-ға тең болады. Өңдеу өнеркәсібі көрсеткіштерді орта есеппен 4,9%-ға арттырады және тау-кен өнеркәсібінен +3,1%-дан озады. Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында өндірісті кеңейту есебінен мұнай өндірісі 95,4 млн-нан 102 млн тоннаға дейін артады.

Ауыл шаруашылығында орташа жылдық өсім 4,5%-ға, құрылыста – 8,8%-ға тең болады.

Нақты сектордағы өндіріс орта есеппен 4,8%-ға өседі, қызмет көрсету секторы жылына 6,3%-ға кеңейеді. Ішкі тұтынушылық белсенділік есебінен сауда орта есеппен 7,4%-ға ұлғаяды. Көліктегі болжамды өсім орта есеппен 6-7%, ақпарат пен байланыста – 7,8%-ды құрайды.

Сондай-ақ, инфляция деңгейін 6-8%-ға дейін төмендету үшін 2024 жылы шаралар кешенін іске асыру жалғасады. Ол өз тауарларын өндіруді ұлғайту шараларымен кеңейтілді.

Бұдан басқа, тұрақтандыру қорларының жұмысы қайта форматталды, сатып алу бойынша форвардтық шарттар жасала бастады. Жеңіл, химия өнеркәсібінде және құрылыс материалдары өндірісінде импортты алмастыратын жобалар іске асырылуда. Өнімді сақтау және тасымалдау механизмдері жұмысы жолға қойылды.  Делдалдық баға белгілеу схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жандандырылды. Монополияға қарсы реттеу шаралары қабылдануда.

Бұған дейін, “Сентрас Секьюритиз” компаниясы 2023 жылы ЖІӨ өсімі 4,5% болады деп болжанған болатын. 

2022 жылы бұл көрсеткіш 3,2%-ға тең болды.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика